Естелік медальдар табысталды

Сондай-ақ Республикалық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесі» төрағасының бірінші орынбасары Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы «Чернобыль апатының зардабын жоюшы. 35 жылдық естелік» медалімен марапаттады.
Қала әкімінің орынбасары Айнұр Мейрханова радиациялық жарылыстың зардабын жоюға қайсарлықпен қатысқан ержүрек ерлеріміздің айбынды өрлігі мен тірлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге бола беретіндігін айтты. Әлеуметтік жағдайлары туралы сұхбаттасып, мемлекет тарапынан барынша қолдау, қамқорлық жасалатынын жеткізді.