Зардабы ауыр шырғалаң

Осыдан 35 жыл бұрын, 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр станциясының төртінші блогы жарылды. Айналаға тараған радиация қалдықтарын дер кезінде зарарсыздандырмағанда, оның зардабы тіпті де жойқын болар еді.
Зардабы ауыр шырғалаң

Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихында ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы – қазақстандық. Чернобыльдегі радиактивті түтін 10-нан аса мемлекеттің 200 мың шаршы жерін ластап, кем дегенде 5 миллион адам оның зардабын шекті. Жарылыс сол аумаққа бір мезгілде 100 атом бомбасы тасталғандай зиян тигізді. Жарылыс кезінде станцияда болған қызметкерлер және жарылыс аймағындағы тұрғындарымен бірге, апат салдарын зарарсыздандыруға қатысқан азаматтар да радиацияның шектен тыс соққысына ұшырады. Өмірін қатерге тіккен осынау жандардың адалдығын ардақтау, ерлігін еске алып, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың міндеті.

Еске сала кетсек, алғашында, атом энергиясын қуат алу үшін емес, әлемді уыста ұстау үшін алпауыт мемлекеттер игергені тарихтан белгілі. Оған дәдел – жойқын атом қаруын екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ Жапонияға қарсы қолданды. АҚШ авиациясы 1945 жылы 6 тамызда Жапонияның Хиросима қаласына бірінші атом бомбасын тастағаннан қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты, жарымжан болды. Қырғи қабақ соғыс тұсында алапат қаруды кеңес үкіметі де меңгерді. 1949 жылы тамызда алғашқы советтік атом бомбасы қазақ даласында, Семей полигонында жарылды. Жарылыс сынақтары 40 жыл бойы жүргізілді. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Салдарынан талай адам мүгелдек болып, мыңдаған гектар жер уланып, түкке жарамсыз болып қалды. Міне, осы ащы шындықтан Елбасының атом қаруы-
нан түбегейлі бас тарту жөніндегі кескін шешімінің халқымыздың, тұтас адамзат баласының бейбіт өмірі мен болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес.

Гауһар Мұса

 

Другие новости

19.09.2024

19.09.2024

19.09.2024

19.09.2024

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.