Өрт – тілсіз жау

Өкінішке қарай көп жағдайда тұрғындардың өрттен сақтандыру ереже-лерін ұстанбаудан болады. Қолдан жасалған электр қыздырғыштарды электр жүйесіне қосу, газ плиталарын дұрыс пайдаланбау немесе оларды бақылаусыз қалтырған жағдайда өрт болып жатады.
Тұрғын үйлерде немесе пәтерлерде қолдан жасалған пеш болса оны мезгілінде жөндеп тұрулары, жаңадан пеш салушылар оны салу жұмыстарын сенімсіз адамдарға тапсырмаулары керек.
Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға және пештерді тағайындалмаған отынның түрлерімен жағуға болмайды. Пештерден шығарылған күлдер мен шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек.
Б.Сүлейменов, Текелі қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры