"INTEGRITY – сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас алаңы

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және осы жағымсыз құбылысқа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі мақсатты саясатты іске асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды элементі азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл болып табылады. Себебі тек азаматтық қоғамның және барлық бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенді қатысуымен сыбайлас жемқорлықты жоюға және оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бұл бағытта Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "INTEGRITY – сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас алаңы" жобасын іске қосуда. Жоба аясында жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық сектор, ҮЕҰ, бизнес-қоғамдастық, журналистер, құқық қорғау органдарының өкілдері, тәжірибелі психологтар, заңгерлер, адвокаттар, судьялар, оқу орындарының оқытушылары және т.б.түрлі фокус-топтар қамтылатын ANTIKOR ORTALYGY алаңында сараптама алаңын ұйымдастыруды көздейді.

Жоба аясында пікірталас алаңына қатысушылар аймақтың әлеуметтік маңызды салаларындағы өзекті мәселелерді зерттеп, талқылайды, содан кейін белгілі бір сала бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленетін болады.

Пікірталас алаңының форматы ANTIKOR ORTALYGY алаңында қызу пікірталас кездесулерін көздейді. Сондай-ақ, пікірталас кездесулерін өзге алаңдарда өткізуге жол беріледі.

Айта кету керек, аталған жоба тікелей Агенттік Төрағасының тапсырмасы аясында және халықтың мемлекеттік органдардың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенімін арттыру және Мемлекет басшысы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылған.

Бүгін аталған Antikor Ortalygy алаңында талқылау клубының алғашқы жұмыс отырысы өткізілген болатын. Отырысқа Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықов,  Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз-хатшысы Нұр-Қанатұлы және облыстық ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тренері Асқар Адамов қатысты.

Отырыс аясында жобаның негізгі бағыттары белгіленіп, алдағы уақытқа жоспар жасалынды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.