Халық мүддесі назарда

Алдымен, қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаттармен танысқан Ж.Жөргенбаев: «Параймериз бен сайлауалды үгіт-насихат кезінде, сонымен бірге, қоғамдық қабылдауларда, әр деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді жан-жақты саралай келе, өңірлерді дамытудың 5 жылдық жол картасын жасадық. Яғни, халықтың мүддесі ескеріліп, инфрақұрылым, құрылыс, өндіріс, мал, егін шаруашылығы секілді әртүрлі салалардағы жобалардың уақытында, сапалы іске асырылуы және мемлекет пен халық қаржысының тиімді жұмсалуы жіті қадағалауда болады. Бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті мәслихат депутаттары да белсенді атсалысуы тиіс. Демек, халық мүддесін қорғау, жағдайын жақсарту, билік пен халық арасында көпір болу – біздің міндетіміз» дей келіп, депутаттардан, партия белсенділерінен ел игілігі жолындағы барлық істерде адалдықты, жауапкершілікті, іскерлікті күтетінін жеткізді.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ