Жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру – өзекті

Бұл дерттің жою жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек.
Жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру – өзекті

Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына септігін тигізеді. Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Осы мақсатпен колледждегі студенттердің «Саналы ұрпақ» клубы «Жемқорлықсыз өмір жарқын» акциясы, «Жас буын жемқорлыққа жол бермейді» тақырыбындағы түрлі сынып сағаттары мен пікір-сайыстар өткізіп, жемқорлыққа төз-беушілік ұстанымын дәріптеуде.    

Дамыған елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырылуын оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз керек.

Луиза Пердибекова, Текелі кәсіптік колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.