Жемқорлықпен күресу заңы

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік құқықтық іс болып қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады. Мұндай қылмыстар қауіпті себебі қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси материалды және басқа да зиян келтіреді.
Жемқорлықпен күресу заңы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңы 4 тараудан тұрады: жалпы ережелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою туралы. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» заңның мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрністерінен туындайтын қауіп-қатерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субьектілеріне мемлекеттік мін-деттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызмет-тен бастауға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатылуға дейін жазаланады. Сыбайлас жемқорлық тек парамен ғана шектелмейді. Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен жерлестік, тамыр таныстық байланыстар оң ықпал етеді. Сол байланыстар арқылы өздеріне, сана-сезімдері мен білік-білімдеріне лайықсыз болса да, лауазымды орынға әлдекімдердің демеуімен келген біліксіздер, бұл жем-қорлықтың нағыз бастау алар
тұсы.

Қорыта келгенде, сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.

Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарыққа таныс-тырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. Сыбайлас жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және жояды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсірмеуге ықпал жасайды.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Жалпы, ертеңі үшін елеңдейтін әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздық тауісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

 М.Есельбаева, Текелі қалалық сотының маманы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.