БАСЫМДЫҚТА - ХАЛЫҚТЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
БАСЫМДЫҚТА - ХАЛЫҚТЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің негізгі міндеттерінің бірі азаматтық қоғаммен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жолымен халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенім деңгейін арттыру болып табылады.

Бұл бағытта Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтармен сындарлы диалог құру, сондай-ақ бүгінгі күні облыс азаматтарын алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жою бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Агенттіктің тапсырмасы бойынша бүгін Талғар ауданының сервистік әкімдігінің алаңында халық пен билік арасындағы диалогты қалыптастыру бойынша "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Алматы облысының тұрғыны, публицист Әділ Еділұлы Мұқашевтің өтінішінде көрсетілген мәселелерді жан-жақты қарау мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.А. Мақажановтың және облыстық құқық қорғау мемлекеттік органдарының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау және диалогтық кездесу өткізілді.

Ашық диалогқа Талғар ауданының әкімі, Талғар ауданының прокуроры, аудандық полиция басқармасының бастығы, Экономикалық тергеу департаментінің, Талғар ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының, Алматы облысы әкімі аппаратының, білім бөлімінің басшылығы, сондай-ақ өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Диалогтық кездесудің күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қаралды:

облыс аумағында контрафактілік спирттік өнімдерді сату; ішкі істер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, этносаралық мәселелер саласындағы мәселелерді қарау бойынша Ішкі істер органдары жанынан Қоғамдық кеңестер құру, әкімдерді сайлау, сондай-ақ азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы туралы сұрақтар.

Диалогтық кездесу барысында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов "Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз қызметін жүзеге асыру аясында азаматтық белсенділермен, заңгерлермен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен және БАҚ өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастықты алдығы қатарға қояды. Себебі азаматтық қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жою мүмкін емес, сондықтан белсенді ынтымақтастық, диалог құру және туындаған өзекті мәселелерді бірлесіп шешу өте маңызды"- деп атап өтті.

"Диалогтық кездесуде" қатысушылардың әрқайсысы қозғалған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, туындаған мәселелерді жою бойынша тиісті ұсыныстарын ортаға қойды.

"Диалогтық кездесу" қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар арасында қозғалған мәселелер бойынша алдын алу шараларын кешенді қабылдауда уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігіне және өзге де мемлекеттік органдарға Ә.Мұқашевтің өтінішінде көрсетілген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.