АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ОБЛЫСТЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН БЕЛГІЛЕДІ

Отырыстың негізгі спикері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев болды.
Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары қатысушыларға өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, Transparency Kazakhstan ұйымымен өткізілген "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторинг"зерттеуінің нәтижелерін түсіндірді.
Жандос Жұмабаев өз сөзінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салалары мен мемлекеттік органдарын белгіледі. Олардың ішінде: Салық департаменті, өртке қарсы қызмет, мемлекеттік балабақшалар, әскери мекемелер, мемлекеттік жоғары оқу орындары, жер қатынастары басқармасы, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ (ХҚКО), полиция, мемлекеттік колледждер, мемлекеттік мектептер, қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік ауруханалар, емханалар, жеке сот орындаушыларының қызметі, облыстық/аудандық әкімдіктіктердің қызметі.
Жандос Жұмабаевтың айтуынша: "Мемлекеттік балабақшалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құрамдары көбінесе баланы балабақшаға орналастыру, жұмысқа орналастыру, ақша қаражатын жинау бойынша мәселені шешу кезінде қатысады. Бұл салада жемқорлық көбінесе бөлім қызметкерімен тікелей емес, делдал арқылы жасалады. Осы салада көрсетілген қызмет үшін сыйақы ақшалай есеп айырысу болып табылады, сомасы 3000-нан 300 000 теңгеге дейін түрленеді.
Салық қызметі органдарында, салық есептілігін тапсыру кезінде; салықтарды төлеу кезінде; лицензия алу кезінде, ЖК жабу кезінде; айыппұл мөлшері төмендеген кезде; кассалық аппаратты қайта ресімдеу кезінде сыбайлас жемқорлық алғышарттары бар.
Өртке қарсы қызметте арнайы өртке қарсы құрылғыларды орнату бойынша мәселелерді шешу кезінде; өрт қауіпсіздігін тексеру кезінде; құжаттарды/лицензияларды ресімдеу және жұмысқа орналастыру кезінде сыбайлас жемқорлық алғышарттары бар.
Отырыс аясында Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары: "Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету, яғни қандай да бір құжаттарды алу кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңға салу; түрлі іс-шараларға, қызметтер мен тауарларға бюджет қаражатын дұрыс жоспарламау және ұтымсыз пайдалану; халықпен кері байланыстың болмауы, азаматтардың өтініштерін толық қарастырмау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына басты себеп болып табылады", - деп атап өтті.
Мысалы, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылы облыстың жеке және заңды тұлғаларының 2688 өтінішін қарастырды. Агенттіктің орталық аппаратына 2020 жылы 30 302 өтініш келіп түсті, егер өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырсақ, өтініштер саны 12% - ға өсті, осылайша көрсеткіштер жыл сайынғы өсу серпінін көрсетеді.
Келіп түскен өтініштерді талдау жұмыстары Алматы облысында азаматтар тарапынан шағымдар, өтініштер саны бойынша жер қатынастары саласы (165), білім беру саласы (102), Мемлекеттік кірістер органдары (66), прокуратура органдары (11), сот органдары (14), Ішкі істер органдары (барлығы ҚАЖК есепке алғанда 216), әділет органдары (36), банк ұйымдары (2) алдыңғы қатарға шығатынын көрсетті.
Жандос Жұмабаев атап өткендей "Қаралған кезде аталған 2688 өтініштің 1625-і Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзырына кірмейді. Тиісті мемлекеттік қызметті толық түрде алмаған, қалыптасқан проблеманы шешуде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті ақпараты жоқ әлеуетті өтініш беруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуге мәжбүр".
Ведомствоаралық комиссия отырысы аясында "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қызметінің мәселелері, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік органдары өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы облыс әкімдігіне бірқатар ұсыныстар енгізді. Олардың ішінде: сыбайлас жемқорлық алғышарттарының туындауына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау үшін Бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігі; өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі, яғни әрбір азамат қандай да бір мемлекеттік органға жүгініп, толыққанды және сапалы ақпарат ала алуы үшін; мемлекеттік мекемелерде жан-жақты талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы және корпоративтік саясатты әзірлеу қажеттілігі қатысты ұсыныстар.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасы