Мамандарға арнайы әлеуметтік көмек

Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттен:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсыну ретінде көрсетіледі.
Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерiнде, он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Мемлекеттік қолдау шараларын алған мамандар, ауылдық елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.
Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 №72 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының жетекші және бас мамандары қатыса алатындығын ескертеміз.
Мемлекеттік қызметті алу бойынша кеңес алу үшін «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Мекенжайы: Абылай хан көшесі 34, байланыс телефоны 8 (72835) 4-31-73.