Мемлекеттік мүддесі адалдығына Алғыс алды

Марапат иелері Текелі қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржамал Шоханова және бас маманы Гүлнар Бекшойнова «Жетісу адалдық алаңы» жобасының Ақпараттық-ағартушылық штабы мен «Адал көмек» бағытын, ал экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Ахметсапа Мирас «Ашық бюджет» интерактивті картасын тиімді жүзеге асыруды ұйымдастырып келеді. Адалдық пен әділдік, парасаттылық пен сенімділік – әр кез абыройыңды асқақтатары сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттері парасаттылық идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Парасаттылықтың басты құндылығы – мемлекеттік қызметшілер тарапынан әрбір азаматтың мәселесіне терең үңілуге және қос тараптың қарым-қатынасы нәтижесінде туындайтын әкімшілік кедергілер мен негізсіз әуре-сарсаңдарға жол берілмеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай оң өзгертулер лауазымды тұлғалардың таным-түйсігін арттыра түсіп, мұң-мұқтажы мен жанайқайын арқалап келген азаматтардың мәселелеріне жақындай түсуіне едәуір ықпал етуде. Мәселен, жалпыға қолжетімді сервис – «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» мемлекет тарапынан бөлінетін бюджет қаражатын әр азаматтың көріп, бақылауына және тиімді игерілуі бойынша пікірлер мен шағымдар қалдыруларына толық мүмкіндік беретіндігімен ерекше.
Бүгінгі таңда парасаттылыққа негізделген қоғам-ды құруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім көзін алуды мектеп қабырғасынан бастауға баса назар аударылып келеді. Себебі, еліміздің өскелең жас буыны, оның ішінде болашақ мемлекеттік қызметшілер де шығуы мүмкін жастардың кез-келген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік пен адалдық, әдептілік, заңдылық, әділдік, рухани тұрақтылық сынды құндылықтарға ие болуына айрықша басымдық берілуде.
Сондықтан да, 2019 жылдан бастап еліміздің жоғары сынып оқушылары мен студенттері арасында парасаттылық идеологиясының ауқымын кеңейтуге және терең білімнің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жалпы республикалық «Адалдық сағаты» акциясы жүргізіледі. Қалыптасқан жағдайға орай адалдық пен әділдік сынды құны биік қасиеттерге үндейтін бұл игі дәрістер әлеуметтік желілер арқылы өз маңыздылығын жоғалтпай, тікелей кездесулер онлайн-дәрістерге көшу арқылы өз жалғасын табуда.
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ