Әділдік пен ізгілік – мәңгілік

Абыройлы қызмет ету – әр адамның өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Осы мақсатта тәрбиелік, танымдық, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қамтитын «Жетісу адалдық жобасының» Текелі қалалық ақпараттық-ағартушылық штабымен онлайн-сұхбаттар апта сайын өткізіліп келеді.
Әділдік пен ізгілік – мәңгілік

Өткен аптада «Парасаттылық – парызым» тақырыбында №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Тұрсынханқызы Өтеповамен қоғам тәрбиешісі ұстаз еңбегі, мұғалім өнегесі туралы сұхбат ұйымдастырылды. Адамның адал өмір сүріп, әділ сөйлеуі, парасаттылық пен ізгілікті қалыптастыруда қандай тәрбиені негізге алуы-мыз қажеттілігі жайында әңгіме өрбіді. Еңбекқорлық пен даналық, адамгершіліктің жолы елге, жұртқа адал, таза қызмет ету деп білетін Гүлмира Тұрсынханқызы ұрпақ тәрбиесіндегі жетістіктерімен де бөлісті.

Сондай-ақ, осы аптада қалалық ардагерлер кеңесінің хатшысы, еңбек ардагері Гүл-
нұр Өтегенқызы Омаровамен «Әділдік пен ізгілік – мәңгілік» тақырыбында онлайн сұхбат өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі «Әділдік. Сенім. Парасаттылық» қағидаты, парақорлықтан ой-сананы тазарту жолдары, «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» жобасы аясында өскелең буынмен өткізілген шаралар туралы келелі әңгіме өрбітіліп, ізгілік нұрын дарытудағы жобалар сараланды. Ата мен әженің өнегелі тәрбиесін көрген буынның адаспайтыны хақ.

Ала жіпті аттамау, қия баспау, құр мақтан мен бойкүйездіктен аулақ болуға ұмтылу жолдары қарастырылды.

Парасат пен ізгілік, әділдік пен сенім – қоғам һәм адамның айнасы. Жаны тазаның рухы да мықты болары даусыз. Жан тазалығын, ар тазалығын сақтау – әрқайсымыздың парызымыз.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.