Қызмет сапасына баға берілді

Қаламызда «Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығына мониторингтік бақылау жүргізілді.
Қызмет сапасына баға берілді

Бақылау барысында орталық супервайзері Медет Рахимов жұмыс барысымен таныстырып, санитарлық талаптар бойынша қойылған шаралар да назарға алынды.Сонымен қатар қызмет алушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп, орталықтың қызмет көрсету сапасы сараланды. Айта кетсек, қазіргі кезде электронды қызметтерді алу  әлдеқайда қолжетімді, яғни үйден шықпай ақ қажетті қызмет түрін алу үшін бар жағдай жасалған.

Бүгінгі күні халыққа кеңінен насихатталып жатқан Әділдік, Парасаттылық, Сенім елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағатталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады.

Қоғамда заңды қатаң сақтауға, сондай-ақ моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттауға айрықша көңіл бөлінеді, яғни адам құқықтарын сақтау мәдениетін дәріптеу және бақылау мәселесі өзекті болып отыр.

Ақыл мен ой ми қызметінің ең жоғарғы сатысы болса, парасат – рух танымының алғашқы баспалдағы. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы үшін сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныта алатын парасатты жастарды тәрбиелеу ұлы міндет.

 Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.