Аналар кеңесінің отырысы өтті

4 ақпанда №5 орта мектебінде Текелі қалалық аналар кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрайымы Э.Иманбердиева аналар кеңесінің өткен жылғы жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарлары туралы, аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жайында баяндады.
Аналар кеңесінің отырысы өтті

Жиында «Отбасы құнды-лығы әр шаңырақтың қазынасы болуы керек» деген қағиданы алға тартып, әр отбасының ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген  отбасы тәрбиесі мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығушылықтары, мақсат-мүдделері бала тәрбиесінің негізі болатындығын, осынау құндылықтар балалардың болашағын қалыптастыратындығына баса маңыз берілді.

Қазір әр адамның қолындағы шағын ғана молбильді телефонда тұтас әлемдік ақпараттар сеңдей соғылысып, қазандай қайнап жатыр. Сондықтан,  оңы мен солын енді ажырата бастаған балалар мен жасөспірімдеріміз үшін отбасындағы тәрбиенің маңызы өте зор. Егер, ата-аналар балаларына мейірімін, ыстық ықыласын арнай алмаса, олардың неге қызығатындығына, нені қалайтындығына көңіл бөлмесе, экономикалық мақсатты алға шығарып, балаларының қалауына мән бермесе, онда бала телефоннан «жанашыр»тауып алады. Міне, барлық ке-леңсіздіктер осы жерден басталады. Сондықтан, ата-аналардың, әсіресе, отбасының ұйытқы-сы болған аналардың арқалайтын жүгі ауыр. Аналар жұмыстың да, отбасындағы тәрбиенің де күткенінен шыға білуі керек. Әрине, жаңалық «ойлап» табудың қажеті шамалы, бабаларымыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарды бүгінгі заманға сай жаңғыртып, дамыта білуіміз тиіс.   Жиында осы түйінге маңыз берілді.

Халқымызда: «Қыз – елдің көркі» дейтін сөз бар. Демек, қыз баланың келбеті, болмысы – ұлттық құндылық. Біздің мүддеміз, болашағымыз қыз балалардың болмысында. Соны естен шығармауымыз керек.

Шараға Текелі қаласының Құрметті азаматы Г.Иб-раимова, Аналар кеңесінің мүшелері Ә.Мұқашева (№1 ОМ), З.Мырзаханова (№6 ОМ), С.Иманбаева (№8 ОМ) қатысты.

 Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.