Ауылды дамыту мүмкіндіктері

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Рудничный ауылы тұрғындарымен есептік кездесу онлайн режимде өтті.
Ауылды дамыту мүмкіндіктері

№7 орта мектебінде ауыл тұрғындары санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауыл әкімі Сергей Вишняковтың өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытындысы мен алға қойған міндеттер туралы есебін  тыңдады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған ауылды жерлерді интернетпен қамту тапсырмасына сай  Рудничный ауылына тал-шықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Нәтижесінде, ауыл кең жо-лақты интернетке қосылды.

Өткен жылы, сонымен бірге, жұмыспен қамту жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдағы негізгі жолдардың бойына жаяу жүргіншілер жолы салынды. Оның жалпы ұзындығы 1352 метрді құрады. Көшелер мен жолдар жарықтандырылып, жол белгілері қойылды. Бұқаралық спортты дамыту, ауыл жастарын салауатты өмір салтына тарту мақсатанда жасанды жабынды, сырты қоршалған футбол алаңы жаңадан жөнделіп, пайдалануға берілді. Ауылды ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін су жинайтын және суды табиғи жолмен тазартатын жүйе тұтастай жаңғыртылды.

 Мемлекеттік қолдаулар ауыл халқының экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз септігін тигізуде. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2 ауыл тұрғынына 4,2 млн.теңге көлемінде шағын кредит берілсе, «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 5 ауыл тұрғыны жалпы сомасы 2,2 млн.теңге грант алды.

Ауылда білім беру, денсаулық сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.

Ауыл әкімі халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту, руханиятты, мәдениетті дамыту бойынша жұмыстар жалғасын табатынын, ауылдың бар мүмкіндігін ашуға, оны елдің игіліне айналдыруға күш салынатындығын айтып, көпшілікті береке-бірлікпен еңбек етуге шақырды.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Елдос Мырзабек онлайн режим арқылы жалпы өңір дамуының жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарларды ортаға салды. Рудничный ауылының тыныс-тіршілігі қаламен өзектесіп жатқанын, барлық мемлекеттік бағдарламалардың, кешенді жобалардың игілігі баршаға ортақ екенін жеткізді.

Жыл өткен сайын жаң-ғырып, жаңарып келе жатқан ауылдың бет-бейнесіне, әлеуметтік әлеуетіне ауыл тұрғындары ризашылығын білдіріп, ауыл әкімінің жұмысына оң баға берді. Күрмеулі мәселелер бойынша көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін айтты.

Ауылдағы барлық жолдардың жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыруды назарда ұстау, амбулаторияның мүмкіндіктерін арттыру, экологиялық ортаның тазалығына көңіл бөлу, ауыз су жүйелерінің талапқа сай болуын қамтамасыз ету секілді көптің ортақ мүддесін білдіретін мәселелерге маңыз берілді.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.