Қайырымдылық марафоны

Өткен аптада ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жаршысы» республикалық онлайн марафоны өтті.
Қайырымдылық марафоны

Республикалық онлайн қайырымдылық марафонының Елордадағы салтанатты басталуында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни Басқарманың биыл басымдық беретін 7 бағытын жеке-жеке атап өтті. Олар: ақпарат және қоғаммен байланыс; уағыз-насихат;  қайырымдылық; оқу-ағарту және кадрлық әлеует; рухани тәрбие, Ихсан ілімі; дін мен дәстүр; жат діни ағымдармен жұмыс. Өңірлердегі мешіттер осы бағыттарды негіз етіп, рухани дамуға баса мән береді. Дәстүрлі ислам қағидаларын, ұлттық салт-дәстүрлерді, ізгілік пен мейірімділікті, елшілдікті дәріптеуге баса назар аударатын болады.  

Жаңа 2021 жылды қайырымдылық игі істен бастап, халықтың алғысына бөленуді мақсұт еткен ізгі шара еліміздің барлық өңірінде жалғасты. «Тайқазан» атты республикалық қайырымдылық акциясы аясында қалалық Керімбек би мешітінде аз қамтылған, көпбалалы, жәрдемге мұқтаж 25 отбасына азық-түлік және отын-көмір көмегі көрсетілді.    

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.