Өзгеге көмек – ізгі қасиет

Қиын кезеңде бір-бірімізге көмек қолымызды созу – баяғыдан келе жатқан ізгі қасиет.
Өзгеге көмек – ізгі қасиет

Қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантинге жабылған Алматы қаласының тұрғындарына көмек көрсетуге бағытталған ізгі шараға текеліліктер де белсенді атсалысты. «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында қаламыздағы мектеп ұжымдары, қайырымдылық қорлар, мешіт жамағаты, жомарт жүректі жандар 250 мың теңге көлеміндегі азық-түлік, маска, антисептик, сабын секілді аса қажетті заттар мен 100 мың теңге қаржы жинады. Қалалық «Керімбек би» мешітіне жиналған қайырымдылық заттары мен қаржы Талдықорғанға, содан әрі Алматыға жөнелтіледі.

«Қиын кезеңде бір-бірімізге көмек көрсе-ту – ізгі қасиет. Елбасы Н.Назарбаев, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халқымыздың өміріне қатысты аса жауапты кезеңде ел болып жұдырықтай жұмылудың өзектілігіне маңыз беріп, барша қазақстандықтарды төтенше жағдай кезіндегі ережелерді қатаң сақтауға шақырды. Қауіпті індетке байланысты 22 наурыздан бері қарантинге жабылған қала тұрғындарына аз да болса көмек қолымызды созып, қолдау көрсету, бірге екенімізді білдіріп, сенім мен күш-қуат бағыштау адамгершілік, азаматтық борышымыз» деген қалалық мешіттің бас имамы Аман Медетбеков бұл бағыттағы қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.  

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.