Залалсыздандырылуда

20 наурыздан басталған дезинфекциялау жұмыстарына 1 техника және 15 адам тартылған. Әр күні таңертең арнаулы орында мамандар вирустарды жоятын сұйықтықты дайындап, залалсыздандыру жұмысына қатысатын адамдардың арнайы киімін, құрал-жабдықтарының талапқа сай болуын, қауіпсіздігін тексереді. Дезинфекциялау жұмыстарын «Дарис» компаниясы жүргізуде. Олар белгіленген орындарды күніне дезинфекциялайды. Сондай-ақ, автобустардың іші сырты, мекеме, кәсіпорындардың, дүкендердің, подъездердің кіреберісі мен есік тұтқаларына дейін залалсыздандырылуда. Қауіпті індеттің алдын алуға бағытталған санитарлық тазалық жұмыстарына еріктілер, қалалық дезинфекциялау станциясының қызметкерлері де қатысуда.