Жақсы іс жанды жадыратады

Өткен сенбіде «Жетісу шапағаты» қоғамдық қоры мен қалалық жастар ресурстық орталығының мүшелері, еріктілер қала тұрғындарына тегін маскалар таратты.
Жақсы іс жанды жадыратады

Қауіпті індет тұсында адамдардың маскаға деген сұранысы күн сайын артып отырғаны шындық. Жұқпалы індеттің тез таралуы көптеген елдерде бұған дейін бірқалыпты жұмыс істеп келе жатқан медициналық, гигиеналық тазалыққа қажетті заттарды өндіруші кәсіпорындарға бұрын-соңды болмаған салмақ түсіріп, сұраныс өндіріс мүмкіндігінен еселеп артты. Бұл біздің елімізде де байқалды. Қазір мемлекетіміз осы саланың әлеуетін арттыруға қажетті шараларды шұғыл қолға алды. Ел азаматтары да қарап отырған жоқ. Мүмкіндіктерін пайдаланып, маскаларды қолдан тігіп, оларды алдымен көпбалалы отбасыларына, қарттар мен балаларға таратуда. «Бәріміз біргеміз, қиындықты бірге еңсереміз» деген берік бірлікті, сенімді ту еткен осынау адамгершілікті іске қаламыздағы белсенді азаматтар, қайырымдылық қорлар мен ерікті жастар атсалысуда.

«Жетісу шапағаты» қайырымдылық қоры арқылы көмекке мұқтаж жандарды қолтығынан демеп, қорға жиналған азық-түліктерді 2 айда бір рет қаладағы көпбалалы отбасылары мен аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға үлестіріп келеміз. Олардың саны әр ретте 20-ға дейін жетеді. Өткен қыста осындай көмекке мұқтаж 8 отбасына 200 келіден 4 тоннаға дейін көмір түсіріп бердік. Қараушысы жоқ қарт кісілердің ауласын қардан тазалап, отынын дайындап береміз. Қазір, еліміз төтенше жағдайды басынан өткеріп жатыр. Дәл осындай кезде бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсету – аса маңызды» деді аталған қордың қаламыздағы өкілі Әбубәкір Бақтақын.   

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.