Ата-аналар мен балаларға арналған қашықтықтан оқыту бойынша жадынама

► Жұмыс орнында оқушының сабақ кестесі болуы тиіс;
► Онлайн сабақ қатаң түрде уақытымен өткізіледі (сабақ кестесі бойынша бақылау);
► Компьютерді (телефонды) зарядтау толық болуы керек, бұл туралы кешке қамданыңыз;
► Онлайн оқыту арнайы дайындалған орында жүргізіледі;
► Сабаққа уақытында қосылу керек: сабақ басталғанға дейін 5 минут бұрын;
► Балалардың шашы таралған, таза, ұқыпты киінуі тиіс (ұйқы киім, халат емес, т. б.);
►Бөлмеде тыныштық болуы шарт, бөгде дыбыстарды өшіру керек. Сабақ уақытында бөлмеден басқа балаларды, үй жануарларын шығару керек;
► Сабақ кезінде балалар бөлмеден шықпауы шарт, сондай-ақ, тамақтануға, бөтен заттарға алаңдамау керек, онлайн-сабақтан шықпауы тиіс;
► Егер мұғалім сұрақ қойса, компьютерде арнайы функцияны пайдаланып қолын көтеріп жауап беруге болады;
► Оқушы мұғалімнің нұсқауларын нақты орындауы тиіс;
►Сабақты түсіндіру аяқталғаннан кейін ғана мұғалімге сұрақ қоюға болады, яғни, ол туралы мұғалім сұрағанда;
► Сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатқа хабарлама жазуға тыйым салынады, тек дауыс етілмегенде ғана жазуға болады;
► Бала сұраққа жауап берген кезде орнынан тұру шарт емес;
► Мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, видеоға түсіруге және әлеуметтік желілерге таратуға болмайды;
► Ата-аналарға сабақ барысына араласуға қатаң тыйым салынады
► Баланың сабақта болмауы үшін ата-ана жауапты.