Ана мейірімі

Қаламыздағы «Аналар кеңесінің» бастамасымен үйден маска тігіп, оларды көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына тегін үлестіру шарасы жалғасуда.
Ана мейірімі

Денсаулығына байланысты ІІ топтағы мүгедек санатымен үйде отырған Гуля Естемесова – он шақты жыл қаламыздағы «Тексти Лайн» тігінханасында еңбек еткен, тігіншіліктің қыр-сырын меңгерген шебер. Ол: «Қазір адамдарға маска өте қажет. Тығыз тоқылған матадан сапалы етіп тігілсе, арнайы медициналық маскалардан еш кем емес. Жуып, жоғары температурада үтіктеп, қайталап пайдалануға болады. Қазірге дейін әртүрлі өлшемде 100-ден аса маска тіктім. Қиын кезде әрқайсымыз мүмкіндігімізше көп мүддесіне үлес қосуымыз тиіс. Дәл қазір халықтың жұдырықтай жұмылған берік бірлігі, сенімі өте маңызды. Бір-бірімізге мейірім мен сенім сыйлай білуіміз керек» деді.       

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы жаңа кәсіп тігіншілікке ден қойған жас кәсіпкер Фариза Жорабекова да үйінен әртүрлі өлшемдегі маскалар тігуде.

Тігілген маскаларды қалалық жастар ресурстық орталығының мүшелері, ерікті жастар көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне тегін таратуда.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.