Балабақшаның әдіскері педагогті газеттерге жазылуға мәжбүрлегені үшін жазаланды

«Балабақша әдіскеріне қатысты ҚР ӘҚБТК 409-бабының 7-3 т. және 409-бабының 7-6 т. бойынша газеттерге жазылуға мәжбүрлеу және педагогикалық әдептің сақталмауы туралы екі әкімшілік іс қозғалды. ҚР заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік қолданылды және 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл алдын ала қараудың қорытындысы», — деді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Педагогтердің газеттер мен журналдарға жазылуы ерікті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Жазылуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда мұғалімдер өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне жүгіне алады.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі