Кеудесін орден жарқыратты

Хайруллин Ақан Мекебайұлы 1992 жылдан бері аталмыш кәсіпорында қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі 28 жыл. «Еңбегімнің еленіп, жұмысымның оң бағаланып, облыс басшысының қолынан осындай марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Әлі де халық игілігі үшін аянбай қызмет ететін боламын» деп қиындығы мен қызығы мол, үлкен жауапкершілікті талап ететін қызметте еңбек етіп жүрген жерлесіміз қуанышын осылайша жеткізді.