Балаларды қуантты
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Нұрғазы Құрылыс» ЖШС №2 психологиялық-педогикалық коррекциялық кабинетіндегі 70 баланы мерекелік тәттілермен қуантты.

Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов пен аталған құрылыс компаниясының басшысы Нұрлан Шарипов балаларға ізгі тілектерін арнады.
Орталық директоры Равиля Халиулина, сондай-ақ, тәрбиесі ерекше балалардың ата-аналары мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлаған жомарт жанға рақмет айтты.