Бүгінгі күннің батыры

Гиппократ антына адалдық танытып, бүгінгі күнге дейін көптеген адамдардың өмірін ажалдан арашалап, үлкен алғысқа бөленіп жүрген тәжірибелі дәрігерлеріміздің денсаулық сақтау саласына қосып жүрген үлесі зор.
Төрткүл дүниені дүрліктірген індет бүгінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбектерінің өлшеусіз екенін айқындап отыр. Еліміздегі қауіпті дертті ауыздықтау мақсатында тиісті шараларды қолданып, ақ халатты дәрігерлер қауымы алдыңғы шепте жан аямай сіз бен біздің денсаулығымыз үшін күресіп келеді. Адам өмірінің жанашырлары қандай марапатқа болса да лайық.