Еңбек жемісі

Шара барысында Діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет және ведомствоаралық өңірлік қызметті қамтамасыз ету бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейлі дінтанушы-маманы Мұхамет Мағжан Сарсембайұлы облыстағы діни ахуалдың тұрақтылығы мен конфессияаралық келісімді мемлекеттік саясат негізінде жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Алматы облысы әкімі орынба-сарының Алғыс хатымен марапатталды.
«Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік». Осы сөздердің түйіні ретінде қолданылған «Тәуелсіздік», «Тұрақтылық», «Бірлік» ұғымдары ешбір байлыққа алмастыруға келмейтін өміршең құндылықтар екені даусыз. Ендеше, әрбір қазақстандық азамат осы құндылықтарымыздың ұғымын жіті түсініп, қадір-қасиетін сезіне білуі тиіс!