«Үздік жасақ» аталымын иеленді

Өңірімізде жастар ісін ілгерілетуге арналан жобалар да, мүмкіндіктер де аз емес.Келешек ұрпақты еңбексүйгіштікке, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының жастар үшін маңызы зор. Осы арқылы қаншама жас бос уақытын тиімді өткізіп, еліне қызмет етуде. Биылғы жылы Текелі қаласында аталмыш бағдарлама аясында 36 жас жұмыспен қамтылған.
«Жасыл ел» республикалық штабы жалпымемлекеттік жастар қозғалысына айналып, белсенді жастарды біріктіріп, оларды еңбекке баулып, патриотизм сезімін ұялататын, өмірлік маңызды әлеуметтік дағдылардың дамуына ықпал ететін жастар ұйымы болып табылады.