Азаматтардың қауіпсіздігі назарда
Текелі қаласының Даңқ монументінде және №5 орта мектебінің ауласында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи бейнебақылау камералары орнатылды.

Бұл өз кезегінде құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға, сондай-ақ, текеліліктердің сақтығын қадағалауға бағытталып отыр. Қала тұрғындарының іздегенін тауып, ұрының жолын кесу үшін осы құрал – таптырмас көмекші.