Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Ақбота Еркінқызы Белдібекова, «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, мемлекеттік қызметкер:
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

– Мен 1991 жылы Талғар қаласында дүниеге келдім. Мен өз құрдастарымды құтты ұрпаққа балаймын. Себебі, біз дүниеге келген жылы халқымыз сарылып күткен Тәуелсіздікке қол жеткізіп, сол жылдардан бастап еліміз барлық қиыншылықты да, қуанышты да өз жұртымен бірге еңсерді. Әрине, маңызды сәттер өте көп болды. Мемлекеттік рәміздерімізді анықтадық, Елбасымызды сайлап, ұлттық тілімізді өрістеттік. Бір сөзбен айтқанда, барлық қазбалы да, рухани да байлықтарымызды мемлекет игілігіне жұмсап, Қазақстан Республикасының абыройын асқақтатуға күш салдық. Сол өзгерістер жаңа бастамаларға мұрындық болып, елімізді жаңа биіктерге шығарды деп ойлаймын.

Бүгінде ішкі саясат саласында 4 жыл көлемінде қызмет атқарып келемін. Мемлекетіме қызмет ету мен үшін зор құрмет. Әрбір мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің ұлтжанды азаматы болуы керек. Халық алдындағы жауапкершілікті сезіне білу, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үлкен жауапкершілік деп түсінемін.

 «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер», – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу –менің басты мақсатым.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.