Үлкен жауапкершілік жүктейді

1991 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында өмірге келген Шолпан Еркенқызы Қарабалина – көк Тудың астында еркін қанат сермеген Тәуелсіздіктің түлегі. Ол мақтанышпен былай дейді:
Үлкен жауапкершілік жүктейді

«1991 жылы дүниеге келгенімді тағдырдың ерекше сыйы деп білемін. Бала күнімде сыныптастарыма, құрбыларыма тәуелсіздіктің төл құрдасы екенімді айтып мақтанатынмын. Кейін дәл осы айтулы дата маған үлкен жауапкершілікті сезіндіре бастады. Мектепте де, жоғары оқу орнында да жақсы оқыдым.

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтына «Музыкалық білім» мамандығы бойынша грантпен оқуға түсіп, 2012 жылы жақсы нәтижемен аяқтадым. 2013 жылы Текелі қаласына қоныс аударып, сол жылы қалалық балалар шығармашылық орталығының вокал сыныбына оқытушы болып жұмысқа орналастым. 2019 жылдан бастап осы орталықта директордың оқу ісі меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін. Тәуелсіздікпен бірге есею маңдайыма жазылған бақыт екенін сезі-
ніп өстім. Тәуелсіздік бізге, ең алдымен, мемлекетіміздің президентін таңдау құқығын берді. Нәтижесінде халқымыз сол аса күрделі кезеңде, жо-лайырықта Тұңғыш Президентін дұрыс таңдай алды.Еліміз Елбасы Н.Назарбаевтың көреген көшбасшылығымен жаңа, жас мемлекеттің іргесін қалап, тарлан тарихтың қас қағым сәтіндей болған 30 жылға тарта уақыт ішінде әлемге танылған, қарқынды дамушы елге айнала алды. Еліммен бірге мен де толысып, бойыма білім мен ұлттық сананы сіңіріп келемін. Елбасының: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жа-ның ашыса, азаматтық намы-
сың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген қанатты сөздері жігерімді жанып, сенімімді нықтай түседі.

Ұстаз ретінде мен жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді, өнер мен білімді сіңіре отырып, тәуелсіздіктің мәртебесін көтеретін тың істерге атсалысуды айнымас мақсат етіп алдым және осы жолда аяндай еңбек етіп келемін».

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.