Олег Кан, "Алма Дария" шаруа қожалығының директоры, Текелі қаласы

Мемлекет басшысының мәлімдемесінде ел әлеуетін арттыруға бағытталған қосымша шаралардың қабылдануы көңілге сенім ұялатып, ертеңге үміт арқалатты.
Олег Кан,

Әсіресе, қазіргідей дүрбелең шақта дөңгелентіп отырған кәсібінің уақытша тоқтауынан қиындыққа тап болған жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілуі қуантады. Жанар-жағармайдың арзандауы да ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының жұмысын ілгерілетуге септігін тигізері сөзсіз. Отандық өнімді тұтынушы талабына, қоғам қажетіне орай өндіріп, қолжетімді баға саясатын қалыптастыруға үлес қосу - біздің парызымыз. Ел амандығы мен экономиканы тұрақтандыру бағытындағы азаматтық ұстанымымыз да, әлеуметтік жауапкершілігіміз де осы болмақ.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.