Жүзі жарқын жас жұбайлар

Жастарды отбасы құндылықтарын құрметтей білуге, қазақ халқының әдет ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға облысымыздың әр аудан-қалаларынан 16 отбасы қатысқан. Солардың ішінде Текелі қаласынан облыстық сында бақ сынаған Курбаналиевтер отбасы да бар.
Отбасылар байқауында біздің қаламыздың абыройын асқақтатқан Курбаналиевтер әулеті екінші орынға лайық деп танылып, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.