ҚАУЛЫСЫ

26.11.2020 ж. №249 Текелі қаласы
ҚАУЛЫСЫ

Текелі қаласының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2 - бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 23 қазандағы №58 «Карантиндік шектеу және оларды кезең - кезеңімен жеңілдету туралы» және Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №32 қаулысына сәйкес, Алматы облысының, оның ішінде Текелі қаласының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жағдайлардың саны – 23 жағдайды, соңғы 7 күнде – 7 жағдайды құрайды, 100 мың халыққа шаққандағы қарқынды көрсеткіші – 22,8% құрауына байланысты ҚАУЛЫ ETEMIH:

1. Текелі қаласында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

2. Текелі қаласының әкімі, Текелі қалалық полиция бөлімі, ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК директоры және басқа да жұмылдырылған қызметтер қамтамасыз eтсін:

2.1 Қала аумағының кіріс/шығыс жолдарына полиция, медицина қызметкерлері қатарынан, кіретін және шығатын азаматтарға байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу аркылы санитарлық бекет орнатылсын;

2.2 бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғану құралдарымен (бip рет қолданылатын бетперделер, қолғаптар, қорғаныш көзілдіріктер және/немесе экрандар) тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілсін.

3. ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК директоры карантиндік шаралар кезінде келесі санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтауы қажет:

3.1 қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штат кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда) ;

3.2 маскаларды, қолғаптарды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерді бір рет қолданылатын маскалармен және қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған бұйымдармен қамтамасыз ету;

3.3 барлық объектілерде күшейтілген дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезковриктер орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үй-жайларды ылғалды жинау, желдету) ;

3.4 үй-жайларда келушілердің әлеуметтік қашықтығын 2 метрден кем емес таңбамен белгілеу;

3.5 БМСД №57 қаулысының талаптарына сәйкес қызметкерлер мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.

4. Текелі қаласының полиция бөлімі қамтамасыз етсін:

4.1 14 күн ішінде үйдегі науқастар мен жақын қарым-қатынаста болған адамдарға (үй карантинін) бақылауды күшейту.

4.2 карантиндік және шектеу шараларын бұзушылықтарды анықтаған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жария етуді қамтамасыз ету;

4.3 қоғамдық орындарды патрульдеу бойынша шараларды күшейту, бұқаралық іс-шаралардың (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) өткізілуіне жол бермеу үшін қоғамдық тамақтану объектілеріне ерекше назар аудару, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзған немесе орындамау анықтаған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

5. Қаланың ішкі саясат бөлімі және бұқаралық ақпарат құралдары:

5.1 ресми веб-ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы объектілерді хабардар ету;

5.2 үй жағдайында халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жеке профилактика шараларын және ауру болған жағдайда мінез-құлық тактикасын күшейтуді жалғастыру;

5.3. ресми дереккөздерден халық үшін шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz. anti-corona, kz, Үкіметтің, Денсаулық сақтау минист-рлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

6. Барлық жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын басшыларына осы қаулының талаптарын қатаң орындау.

7. Текелі қаласының ведомствоаралық комиссиясы, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 ауруының өсуіне байланысты карантиндік шараларды күшейту жөніндегі өзге де іс-шараларды қабылдауға құқылы.

8. Осы қаулыны барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

10. Осы қаулы 2020 жылдың 30 қарашасында 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Текелі қаласының Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің м.а. Р.Искандарова

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.