Кеген ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде 49 жоба іске асуда

Ауданда аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 50-ге жуық жоба қолға алынып, оның 39-ы аяқталған. Соның арқасында аудандағы көптеген мәселелер де шешімін табуда. Бұл туралы баспасөз-мәслихаты барысында Кеген ауданының әкімі Талғат Баеділов айтты.
Кеген ауданында

"Халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған" Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 " бағдарламасы арқасында ауданымыздың  432 тұрғыны  жұмысқа орналастырылды. Көптеген жұмыссыздар жұмыс орындарын тапты, бұл өте қуанышты жайт",- дейді  Талғат Баеділов.

Айта кетейік, қалған 10 жобаның 4-і жыл соңына дейін аяқталады. Ал 6 жоба келесі жылы мәресіне жетеді. Қазіргі уақытта жұмыс көлемі 80% құрап отыр. 

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020"  мемлекеттік бағдарламасының аясында ауданда үш мектеп, балабақша, екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сумен жабдықтау желілері қалпына келтірілді.  Сондай-ақ 5 ауылішілік  жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.