Толықтай пайдалануға берілді

Олар – Әл-Фараби, Жалайыр, Жансүгіров, Орақты батыр, Достық, және Кольцевой көшелері. Әл-Фараби, Жансүгіров және Кольцевой көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы жаңадан жөнделді. Жалайыр көшесінен басқа аталған барлық көшелердің бойындағы арық жүйелері де күрделі жөндеуден өткізілді, сонымен бірге, жасалған көшелердің бойына жол белгілері жаңадан қойылды. Мердігер компания «Нұр-Шапағат-құрылыс» ЖШС міндетіне алған жол құрылыс жұмыстарын келісім-шартта көрсетілген барлық талаптарға сай орындап, уақытында пайдалануға берді. Жолқұрылыс жұмыстарына қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 32 адам жұмысқа тартылды. Олар жаз бойы жол-құрылысына атсалысып, лайықты еңбекақымен қаламыздың дамуына үлес қосты.
Айта кетерлігі, мұндай ауқымды жұмыстар пандемия кезінде жүзеге асырылды. Мұның барлығы – мемлекетіміздің қиын кезеңде елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жаңғырту және халықты жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының игілігі.
Жол – көптің ортақ мүлкі. Оның ұзақ уақыт елдің игілігіне қызмет еткені абзал. Сондықтан, үйлері көше бойында орналасқан тұрғындар жолдың асфальтін қопарып, электр, су және жылу жүйелерін өз бетімен жүргізуіне болмайды, жолға аса жауапкершілікпен қарауымыз керек.