Балаларды қуантқан жаңалық

Балалар мен ата-аналардың көптен күткен арманы орындалып, қалалық балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы мен білім бөліміне жаңа автобус берілді. Ұрпақ игілігін еселеген қуанышқа қала әкімі Батыр Молдахметов ортақтасып, ізгі тілегін жеткізді.
Балаларды қуантқан жаңалық

Су жаңа автобустар жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. 18 және 22 орынға арналған автобустар балалардың қауіпсіздігі үшін қажетті талаптарға сай жабдықталған. Қалалық балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының директоры Самат Жаңбырбаев қуанышты көңіл-күйін былай жеткізді:   

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында орталық «Өз жеріңді танып-біл» ұранымен балаларды туған өлкенің жер-суымен, тарихымен жан-жақты таныстыру бағытында танымдық саяхаттарды үнемі ұйымдастырып келеді. Жер жәннаты атанған Жетісуда көркем жерлер, тарихи, мәдени  мұралар жетерлік. Соның бәрін көзімен көріп, көкейге тоқыған баланың туған жерге деген сүйіспеншілігі еселене түседі. Бұған дейін түрлі саяхаттарға көлік жалдап келдік. Міне, енді балалардың өз көліктері бар. Бұл үлкен мүмкіндік!»

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.