Дайындық пысықталды

Оқу-жаттығудың мақсаты – азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қыс кезіндегі төтенше жағдайларға әзірлігі мен қабілетін арттыру, төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу жұмыстарына қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы және қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бауыржан Сүлейменов қатысты.
Аумақтық штабтық жаттығу күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілді.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың желісі бойынша «Текелі энергокешені» ЖШС қазандық объектісінің екінші деңгейдегі галереясында қысқа тұйықталу салдарынан өрт шығып, қазандық төбесіне өрттің таралу қаупі мысал ретінде алынды. Өрт салдарынан қазандық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына және қала тұрғындарына жылу энергиясын берілуінің тоқтауына қауіп төнді.
Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бөлімше-лері қазандықтағы өртті өшіру, зардап шеккен қызметкерлерді қазандық ғимаратынан эвакуациялау бойынша дағдыларды пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында өрт аймағынан құтқарылған күйік және ыстан улану белгілері бар қызметкерлер жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізіліп, алғаш-қы медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдемнің 2-ші бригадасының қызметкерлеріне тапсырма беріліп, қазандық ғимаратының төбесінен альпинистік жабдықтарды қолданып зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілді.
Штабтық оқу-жаттығуға Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен – 39 адам және 10 бірлік техника, Апаттық медициналық орталығынан – 3 адам және 1 бірлік техника, жедел медициналық жәрдем қызметінен – 2 бригада және «Текелі энергокешені» ЖШС қазандығының азаматтық қорғау құрлымдары атсалысты.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметіне бағалау жүргізілді. Жалпы, барлық қызметкерлер алға қойылған міндеттерді орындап, өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді.
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ