Сандарды сөйлеткен сала

Биыл – Қазақстан статистикасына 100 жыл. Мерейтойлық мерекеге орай қалалық статистика басқармасының басшысы Аида Алимбердиева «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қала әкімі Батыр Молдахметов аталған басқарма ұжымын құттықтап, Алғыс хат табыстады.
Сандарды сөйлеткен сала

Статистика – қоғамдық өміріміздің барлық саласын сипаттайтын нақты сандардың жиынтығы. Статистика қызметінің басты міндеті – ақпарат көздерін шынайы, жан-жақты сандық көрсеткіштермен қамтамасыз ету. Мемлекеттің кез келген экономикалық, әлеуметтік маңызды жоспарлары, шешімдері дәл осы статистикаға сүйене отырып жасалады.

Әрине, қазақ мемлекетіне тән статистикалық ақпараттар арыдан дерек береді. Қазақ мемлекетінің негізі болған Қазақ хандығы тұсында териториялық аумақ, өркендеген қалалар, жер-су, сондай-ақ, халық саны жайында сандық мәліметтер сақталған. Ал, біршама жүйеленіп, орталықтандырылған статистикалық қызмет XVІІІ-ғасырдың екінші жартысында өмірге келді. Кейін, 1920 жылы құрылған Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы сол жылы 8 қарашада «Қазақ АКСР мемлекеттік статистикасы туралы ережені» бекітті және мемлекеттік статистика басқармасы құрылды. Ел егемендігінен соң статистика саласы тәуелсіз мемлекетіміз қол жеткізген жетістіктерді саралап, дербес санақ жүйесін қалыптастырды. Бүгінде осынау бірегей жүйенің бір тармағы ретінде қалалық статистика басқармасы тарих болып хатталатын ақпараттарды құнттап жинақтап, міндетін жауапкершілігін адал атқарып келеді.

Кәсіби һәм берекелі ұжым жыл сайын облысымызға қарасты аудан, қалалардағы әріптестерінің алдыңғы қатарынан көрініп жүр. Осынау марапаттар елеулі еңбектің жемісі.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.