Маскаларды тегін тігіп берді

Коронавирус пандемиясына байланысты антисептиктерге, әсіресе, маскаларға сұраныс артқаны белгілі. Ауру адам түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауа арқылы таралатын вирустан сақтануда алдын алу қағидаларын қатаң ұстану, тазалыққа мән беру, сондай-ақ, әлеуметтік орындарда маска тағып жүрудің маңызы зор. Оқу орталығының директоры Светлана Оңғарбаеваның айтуынша қаладағы көпбалалы отбасыларына арнап қыздар 2 күн-де 300-ге тарта әртүрлі өлшемдегі маскаларды тігіп дайындаған. Маскалар жұмсақ, әрі тығыз тоқылған матадан тігілген. Уақытылы жуып, үтіктеп қайталап пайдалануға болады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақтолқын Ысқақова осындай қажетті кезде мүмкіндіктерді елдің пайдасына айналдыра білген қыздарға ризашылығын жеткізді.