"Парламент сөзі " арнайы сыйлығының марапаты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов белгілі журналист Бейсен Құранбектің шаңырағына барып, отбасын «Парламент сөзі» сыйлығының табысталуымен құттықтады.

Осы жүздесуде Амандық Баталов «Жетісу» телеарнасында ұзақ жыл Бейсен Құранбекпен бірге жұмыс істеген әріптестерімен бірге абзал азаматтықң кісілік келбетін, дара болмысын еске алды. Жылы естеліктер айтылып, марқұмның жарқын бейнесін жүректерде тағы бір жаңғыртты.
Амандық Баталов Бейсеннің жары Гүлмира Қадырқызына гүл шоқтарын ұсынып, тілегін білдірді.

- Бейсен өзінің қысқа ғұмырында аққан жұлдыздай жарқ етіп, артына өшпес із қалдырып кетті. Бейсенді халық ешқашан ұмытпайды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлының қолынан осындай үлкен марапат беріліп жатқаны соның көрінісі. Бейсеннің аты, атқарған ісі әлі жыл өткен сайын жаңғырып, биіктей береді. Асыл азаматтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде. Өздерің аман-есен болыңдар, ұрпақтары аман болсын! – деді облыс әкімі марқұмның отбасына ізгі лебізін айтты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.