Қоғам игілігі үшін жұмыс

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастырылады, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
Текелі қаласының пробация қызметіннің есебінде тұрған азаматтар қоғамдық жұмыстарды өтеу үшін Текелі қалалық әкімінің 2019 жыл 25 қаңтар айының №5 қаулысымен бекітілген орындарда, яғни «Текелі су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында» және Текелі қалалық әкімдігінің «Текелі қаласының тұрғын-үй пайдалану кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өтейді.