Ауылға кел!

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың 30 қыркүйегінен өзгерісттер енгізіліп, әлеуметтік қолдау шараларын ала алатын мамандар қатарына ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері де кіргізілді.
Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттен:
1) жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсыну.
Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерiнде, он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Текелі қаласы бойынша аталған әлеуметтік қолдауды алу үшін мамандар әкімдіктің ресми сайтында орналастырылған мамандықтар қажеттілігіне сәйкес өз таңдауымен Рудничный ауылдық округіне жұмысқа орналасады. Көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттар ұсынады.
Мемлекеттік қызметті алу бойынша кеңес алу үшін «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет.
Мекенжайы: Абылай хан көшесі 34.
Байланыс телефоны: 8 (72835) 4-31-73.