Бір жасыңыз құтты болсын!

Қалалық кітапхана қызметкерлері мен №5 орта мектебінің еріктілері бірлесіп «Сізді құшақтауға рұқсат па?» акциясын өткізді.
Бір жасыңыз құтты болсын!

Кітапханашылар Е.Баймолданова, И.Вандакурова және Е.Житникова мен №5 орта мектебі еріктілерінің жетекшісі Гүлжан Қожахметова мен 10 «Ә» сынып оқушылары бірлесіп ұйымдастырған акция Наурыз мерекесіне дейін бір апта бұрын өтетін «Көрісу» күніне арналды. Дәстүрді дәріптеушілер Текелі қаласының әкімдігі, мәслихаты, қалалық білім бөлімі,  халыққа қызмет көрсету орталығы,  халық банк филиалына арнайы барып адамдармен жүздесіп, қол беріп амандасып, кеуде қағыстырып, «Бір жасыңызбен!» деп құттықтап, ізгі тілектерін жеткізіп жатты. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпарат берді. Бұл акция халық арасындағы байырғы ескі дәстүрлер мен ғұрыптарды жаңғырту мақсатында өткізілді. Шара барысында адамдар өздерінің алғыстарын білдіріп, өмірде қолдану қажеттілігінің маңыздылығын айтты.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.