Аутизмі бар балаларға көмек

Талдықорғанда аутизм және басқа да менталды ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы үш жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Енді орталықтың қосымша 40 балаға арналған екінші корпусы ашылды.
Аутизмі бар балаларға көмек

Орталыққа балалар ПМПК-ның жолдамасымен және жеке оңалту жоспары бойынша қабылданады. Балалармен күніне төрт-төрт жарым сағат көлемінде сабақ өткізіледі. Мұнда дефектолог, логопед, тәрбиеші және мінез-құлықты түзетуге көмектесетін ABA терапиясы мамандары жұмыс істейді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үй-лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәния Наурызбаеваның айтуынша, қосымша бөлімше арнайы көмекке деген сұраныстың артуына байланысты ашылып отыр. Бүгінде өңірде «аутизм спектрінің бұзылысы» (АСБ) диагнозы қойылған 460-тан астам бала мен жасөспірім тіркелген.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында осындай диагнозы бар балаларға ерекше көңіл бөліп, оларға арнап оңалту орталықтарын ашу қажеттігін айтқан болатын. Біздің өңірде бүгінде балаларға арналған жеті оңалту орталығы жұмыс істейді. Талдықорғандағы осы орталық үш жыл бұрын ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауының арқасында бүгін біз екінші корпусын пайдалануға беріп отырмыз. Аутизмі бар балаларға арналған орталықтың бұл филиалы ғимаратының жалпы ауданы – 580 шаршы метр. Біздің мақсатымыз – аутизмі бар балалардың өз әлеуетін ашуына көмектесу, оларды қоғамға бейімдеу, – дейді С. Наурызбаева.
Атап өтсек, бұл ғимаратта да негізгі корпустағы сияқты медбике, дәрігер, дефектолог, логопед сияқты қажетті педагогикалық және медициналық ма-мандар жеткілікті. Және барлық қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Осы орайда Орталыққа келіп жүрген балалардың ата-аналары да пікір біл-дірді. Сегіз жасар Аңсар Берікжанның анасы Назгүл Серікова:
– Біз бұл жерде біраз уақыт оңалту шараларын қабылдадық. Соның арқасында ұлым мектепке барды. Биыл екінші сыныпқа көштік. Бұрын Аңсар атын атағанда мүлде қарамайтын. Қазір нақты ілгерілеу бар. Балаларға көрсеткен қамқорлықтары үшін орталықтың барлық қызметкерлеріне үлкен рахметімді айтамын, – дейді.
Қазіргі уақытта Талдықорғанға жақын орналасқан аудандарда тұратын осын-дай диагнозы бар балалардың тізімі жасалып жатыр. Жақын арада бұл балалар жаңа корпусқа қабылданатын болады.
 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.