Мерзімінен бұрын аяқталмақ

«Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбы-рының құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айында толық аяқталады. Соның нәтижесінде Жеті-су облысының Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында-ғы 84 елді мекен табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауда-нындағы жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Мерзімінен бұрын аяқталмақ

Еске салсақ, өткен жылы Қазақ-стан Республикасы Премьер-Министрінің Жетісу облысына келген сапарында «Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбы-рының құрылысы басталған болатын. Ел Президенті тапсыр-масының аясында жүзеге асы-рылып жатқан осы іргелі жоба-ның іске асырылу барысымен танысу мақсатында облыс әкімі «Үшарал» АГТС нысанында болды.
«Интергаз Центральная Азия» АҚ Алматы филиалы магистралды газ құбыры басқармасының директоры Руслан Сүйіндіковтің айтуынша, магистралды газ құбырының ұзындығы – 302,4 км, диаметрі 530 мм. Желінің бойында 6 автоматтандырылған газ тарату станциялары салынуда. Станциялардағы құрылыс жұмыс-тары 80 %-ға аяқталған.
– Бүгінгі күнге төрт станцияның технологиялық құрал-жабдықтары сынақтан өткізілді. Жақында тағы 2 станцияда сынақ жүргізі-леді. Магистралды газ құбыры құрылысын аяқтау мерзімі 2026 жылдың соңы деп белгіленген болатын. Дегенмен жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, оған күш жұмылдырудың арқасында мерзімінен 1 жыл 4 ай бұрын, яғни алдағы қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде 84 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, 440 мыңдай тұрғын газға қосылуға мүмкіндік алады. Қазір аудан әкімдігімен бірге АГТС-тан елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарының жобалық-смета-лық құжаттары әзірленуде. Бұдан соң елді мекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады, – деді Р.Сүйіндіков.
Өңір басшысы бұл жобаның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекше рөлін атап өтіп:
– «Талдықорған-Үшарал» ма-гистралды газ құбырының халықтың тұрмыс деңгейін көтеру-дегі маңызы зор. Газ жеткізілсе, бұл осы аймақтағы, зауыттарға, жылыжайларға, шағын және орта бизнес нысандарының жұмысына жаңа серпін береді. Бұған қоса болашақта газ құбыры лу-пингін де қолға алу қажет, – деді Бейбіт Исабаев.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.