Азаттықтың алтын діңгегі

Биылғы мерейтойлық даталардың ішінде Ата заңымыздың 30 жылдығы шоқтығы биік, маңызды белес болып отыр. Бұл – еліміздің тәуелсіздік тарихындағы ерекше құндылық. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің саяси, құқықтық, әлеуметтік негіздерін айқындаған аса маңызды құжат.
Азаттықтың алтын діңгегі

Егемендікке қол жеткізген 1990 жылдардың басы еліміз үшін күрделі әрі тағдыршешті кезең болды. Тәуелсіз-дік жарияланғаннан кейін жаңа мемлекеттің іргесін бекіту үшін нақты әрі сенімді құқықтық негіз қажет болды. Осы мақсатта қабылданған 1995 жылғы Конституция ел дамуы-ның бағытын белгілеп берді. Онда халық билігі, адам құқықтары, заң үстемдігі, билік тармақтарының өза-ра теңгерімді жүйесі сияқты негізгі қағидалар бекітілді.
Конституцияның басты қағидаты – «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген жолдармен анық көрініс тапты. Бұл – әрбір азаматтың ел тағдырына тікелей қатысы бар деген сөз. Ұлан-байтақ елімізді мекендеген әр азамат арқасүйер тірегі, құқығына қол сұқ-тырмайтын Ата заңы бар екенін біле-ді. Бүгінгі заң мен тәртіп қағидаты берік орныққан қоғамда кез келген адам үшін мұның маңызы айырықша. 
Өткен 30 жыл ішінде Конституция елдің өсіп-өркендеуіне негіз болды. Заңнамалар жаңарып, сот жүйесі жетілді. Парламент пен Үкіметтің жұмысы реттеліп, азаматтық қоғам қалыптасты. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау сияқты өмірлік маңызды салаларда бірқатар реформа жүзеге асты.
2022 жылғы референдум нәтижесінде Ата Заңға енгізілген өзгерістер халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттырып, саяси жүйені жаң-ғыртуға жол ашты. Бұл өзгерістер демократиялық дамудың жаңа ке-зеңіне өтуге мүмкіндік берді.
Конституция тек заңдар жинағы емес, ол – әрбір адамның бостандығы мен құқығын қорғаушы, қоғамның 
әділ әрі тұрақты дамуының кепілі. Ата Заңда жазылған нормалар күнделікті өмірде әрбір азаматтың еркін жүріп-тұруына, білім алуына, ойын ашық айтуына, заң аясында еңбек етуіне жол ашады.
Сондықтан Конституцияны білу – құқықтық мәдениеттің негізі, ал оны құрметтеу – нағыз азаматтық жауапкершілік.
Ата Заңның 30 жылдығы – тарихты бағалау ғана емес, болашаққа сенім-мен қарау. Бұл мерейлі датаны еліміз-дің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барша халық үшін үлкен мереке деуге толық негіз бар. Осы кезең ішінде Конституция өзінің өміршең-дігін, тұрақтылық пен әділдіктің тірегі екенін дәлелдеді. Болашақта да осы құндылықтар негізінде өркендеп, әділетті әрі дамыған Қазақстанның тұғы-рын биіктету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Марғұлан БОТАНТАЕВ, «AMANAT» партиясы  Текелі қалалық  филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты
 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.