Белсенділіктің берері көп

30 шілдеде Текелі қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Жетісу облыстық Азаматтық Альянсы» төрайымы Дания Қыдырбаева, Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының басшысы, «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанат Төлемісова қатысты.
Белсенділіктің берері көп

Биыл Ұлттық құрылтайға мүше болып, ұлт мүддесі жолында сындарлы мәселе көтерген Дания Қыдырбаева әрдайым азаматтық қоғамның дамуына, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі болуына маңыз беріп келеді. Ол Жетісу облысы әкімдігінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес жер-жерде үшінші сектор өкілдерімен өңіріміздегі түйткілді мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.  Жергілікті қоғамдық ұйымдардың белсенділігін артты-руға түрткі болып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу, дерекқор база-
сына есептілікті уақытылы өткізу, мемлекеттік гранттарды зерделеу, өтініш беру туралы Жанат Төлемісова жанжақты түсіндірді. 
Ол үкіметтік емес ұйымдарға ұсынылған арнаулы гранттардың байқауына қатысып, қаладағы қордаланған мәселе-лердің бір бөлігінің оң шешімін табуына 
үлес қосудың өзі бір орында тұрғаннан бірнеше есе пайдалы екенін алға тартты. Бастысы, ҮЕҰ өкілдері қоғамдағы реформаларға бей-жай қарамай, өздері-не ұсынылған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, белсенді жұмыс істеуге ден қоюлары керек. Қоғамды дамыту мақсатындағы, заң аясындағы азаматтық бастамаларға қашанда қолдау бар.  
Жиында Текелі қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі-нің басшысы Нұржамал Шоханова 2026 жылға қарастырылатын лоттар тізбесіне ұсыныстар қабылданатынын жеткізді.  Өз кезегінде текелілік ҮЕҰ мүшелері сөз алып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, жаңа жобаларды талқылады.
 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.