Жаңа кәсіп – жан қалауы

Қай дәуірде де адал еңбекпен тірлігін түзеп, табысқа жеткен адамның абыройы биік. Жұмысты әркім істейді, бірақ оны жан қалауымен, жақсы көріп істеудің жөні бөлек, нәтижесі де көш ілгері. Кезінде қолы жетпеген кәсібін орта жасқа келгенде меңгеріп, бүгінде жұмысына асыға барып, өмірін жаңа арнаға бұрған адамдар баршылық. Олар мемлекет қолдауының арқасында осындай игілікке жетіп отыр.
Жаңа кәсіп – жан қалауы

Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде биыл Текелі қаласында 35 адамды қайта кәсіптік оқыту курстары-на жолдау жоспарланған. Соның ішінде 9 бірдей жұмыссыз адам жаңадан кәсіп игеріп, «Наргиза» сән салонына тұрақты жұмысқа тұрды. Жеке кәсіпкерліктің басшысы Шыңғысхан Мұхамәди қалалық Мансап орталығынан қайта кәсіптік оқыту туралы жан-жақты біліп, сән салонының базасында сұранысқа ие мамандарды даярлауға өтінім бер-генін айтты. «Жұмыс істеймін деген адамға мемлекет көп мүмкіндік беріп отыр. Сән салонын кеңейткеннен кейін бізге шаштараз, косметолог, маникюр, педикюр мамандары қажет болды. Мансап орталығы арқылы жұмыс істегі-сі келетін қыз-келіншектерді 3 ай кәсіптік оқуға қабылдадық. Оларға сән салонындағы тәжірибелі мамандар теория және практика негізінде сабақ берді. Арнайы хабарландыру беріліп, кәсіп үйренушілер өндірістік тәжірибе барысында келушілерге тегін қызмет көр-сетті. Үш ай бойы оларға мемлекет тарапынан 78640 теңге көлемінде еңбекақы төленді. Курсқа қатысушылар емтихан тапсырып, арнаулы куәліктерін алды. 
15 шілдеден бері 3 шашта-раз, 3 косметолог және аяқ-қол тырнағының күтімімен айналысатын 3 маман «Наргиза» сән салонында тұ-рақты жұмыс істеп жүр», – деді ол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жұмыстың жама-ны жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолы-на түседі. Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті ба-ғалаған абзал», – деді. Шын мәнінде, әркім өз жұмысын мінсіз, тап-тұйнақтай істесе, қандай жақсы.    
Өзі ұнатып таңдаған жаңа кәсібінің қырсырына күн өткен сайын бойлай түскен Татьяна Сюльдина: «Мен талай жыл тігінші болып жұмыс істедім. Оны өз бетіммен үйренгенмін. Дүкенде де істедім. Енді, міне, немерелі болған кезімде жаңа кәсіп үйреніп, маникюр, педикюр маманы болып жұмыс істеп жатырмын. Жұмысым қатты ұнайды», – десе, жас шағында Алматы, Павлодар, Новосибирск қалаларында түрлі жұмыстар істеп, кейін Текелідегі дәмханаларда аспаз болған Татьяна Крылова: «Жұмыс-сыз жүрген кезімде осындай ұсыныстың түскені қатты қуантты. Шаштараз кәсібін үйренуге бірден келістім. Өйткені, оған икемім бар, үйдегілердің шашын қиып, бояп жүретінмін. Енді кәсіби маманнан сабақ алып, тұрақты жұмысы бар нағыз маман атандым. Тек ерінбей-жалықпай жұмыс істеп, тәжірибемді молайта түсуім керек», – деп жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік ашқан мемлекетке, «Нар-гиза» сән салонының ұжы-
мына ризашылығын жеткізді.      
 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.