Экономика өсімі қарқынды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикадағы қазіргі ахуал туралы баяндама жасады. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов фискалдық және ақша-несие саясатын іске асыру туралы, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады. Сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және интеграция, энергетика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің, бірқатар өңір әкімде-рінің баяндамалары тыңдалды.
2025 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ көрсеткіші 6,2%-ға жетті. Өсу қарқынының артуы құрылыс, сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларында тіркеледі.
Премьер-министр Президенттің экономиканы әртараптан-дыру және оның ұзақмерзімді әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндетіне назар аудартты. Осыған байланысты іскерлік белсенділікті ынталандыру, инфрақұрылымды дамыту және цифрлық технологиялар-ды енгізу үшін қажетті Үкімет қабылдаған кешенді қадамдар-дың маңыздылығы атап өтілді.
«Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет та-рапынан жүйелі шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Инвестицияларды белсенді түрде тарту түрлі салаларда аса маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды бастау-ға ықпал етті. Мемлекет бас-
шысы өңіріміздегі тұңғыш суперкомпьютер кластерін іске қосты. Оны қолдану кең ауқымды цифрландыру мен ашықтықты арттырып, көптеген экономикалық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр экономи-каны әртараптандыру арқылы ұзақмерзімді әрі орнықты өсімді қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар бойын-ша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету керектігі атап өтілді. Осыған бай-ланысты өңірлік инвестициялық штабтарды неғұрлым белсенді пайдалану міндеті қойылды. Жоғары технологиялық өнім шығаруда экспортқа бағдарланған жобаларға баса назар аудару қажет. Өңдеу өнер-кәсібінің тұрақты өсуі үшін ұзақмерзімді тапсырыстармен қатар, отандық кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін арттыру тапсырылды.
Сонымен қатар арнайы экономи-калық және индустриялық ай-мақтарда тиісті инженерлік, сондайақ көлік инфра-құрылымын құру жұмыстарын же-делдету қажет. Ол-жас Бектенов ха-лықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.
Еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі ке-ңейту үшін көлік дәліз-дерінің өткізу қабілетін арттыру шараларын жеделдету міндеті қойылды.
«Бұл алдағы жылда-ры 3 мың шақырым-нан астам автокөлік жолын күрделі жөндеу, өткізу бекеттерін жаң-ғырту, Қазақстан ар-қылы өтетін теміржол дәлізі аясында жаңа жобаларды іске асыру, халықаралық авиахаб-тар құру жұмыстары басты назарда болуға тиіс. Бұл шаралар 2028 жылға қарай әуе көлігімен жүктерді та-сымалдау көлемін, сондай-ақ 2027 жылға қа-рай теміржол транзитін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді», – деді О.Бектенов.
Бұған қоса егін орағы мен жылыту маусымына дер кезінде дайындалу үшін ішкі тасымал көлемін ұлғайту тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы өнімде-рінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін Премьер-министр тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Мүдделі мемлекеттік орган-дарға сауда саласының одан әрі дамуын және отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін арнайы аграр-лық азық-түлік маркет-плейсін құру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Мұнай-газ саласында «Теңіз» кен орнындағы «Болашақ» кеңейту жобасын және «Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару» жобасын толық іске қосуды аяқтауды, сонымен қатар газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын іске асыруды жедел-детуді тапсырды.
Премьер-министр орталық және жергілікті атқарушы ор-гандарға Инфляцияны бақылау мен төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенінің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. «Бағаны тұрақтан-дыру – Үкімет пен әкімдіктер жұмысының маңызды басымдығы. Өңірлер ішкі нарықты өнім-мен қамтамасыз ету және дел-далдық схемаларды анықтау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Бұл орайда тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімдер, субсидиялау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты тиімді құралдар бар. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту керек. Барлық бағыттар мен салалар бойынша кең ау-қымды шараларды жүзеге асыру – тұрақты экономикалық өсімнің берік негізі», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
primeminister.kz