Жеңімпазға құрмет

Беларусияның Витебск қаласында өткен эстрадалық әндердің «Славян базары» XXXIV халықаралық фес-тивалінің гран-при иегері атанған Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Алмагүл Батталиеваны облыс әкі-мінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтап, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың атынан Құрмет грамотасын және ақшалай сертификат табыс етті.
Жеңімпазға құрмет

Облыс әкімдігінде жас әншіні қабылдаған Диас Есдәулетов қазақ өнерін насихаттаға қосқан үлесі үшін оған алғысын білдіріп, «Славян базары» фестивалі өткен жылдар ішінде қазақстандықтар бірнеше мәрте гран-при иеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінгенін атап өтті. Әншінің еңбегіне табыс тілеп, жеңісімен құттықтады.
Туған еліне қуанышпен оралған «Славян базарының» же-ңімпазы А. Батталиева:
– Осы арманыма қол жеткізу үшін сегіз жыл еңбектендім. Менің бойымда жақсы қасиет көп, соның ішінде мақсатқа жетудегі табандылығым мені осындай биікке жеткізді. Әлі де жеңімпаз болғаныма сене алмай тұрмын. Маған қолдау білдірген облыс әкімдігіне, мәдениет басқармасының басшылығына, Дәнеш Рақышев атындағы өзімнің сүйікті филармониямның ұжымына алғысымды білдіремін. Әсіре-се, ұстазым Меруерт Мүсірәліге көп рахмет. Ол мені ұзақ жылдар бойы осындай музыкалық сайыстарға дайындап, баптады. Теледидар арқылы қолдау көрсеткен туған-туыстарыма, жақындарыма, әсіресе «Бозторғай» қоғамдық қорының басшылығына айтар алғысым зор, – деді.
Облыс әкімдігінде өткен салтанатты шарадан кейін «Славян базары-2025» байқауының жеңімпазы мен облыстық мә-дениет, архивтер және құжаттама басқармасы-ның басшысы Қуаныш Сүлейменовтің қаты-суымен баспасөз мәслихаты өтті.
Алмагүл Батталиеваның Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясында жеке дауыстағы әнші болып жұмыс істеп жүргеніне үш жыл болды. Ол бұған дейін де бірнеше республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанған.
Атап өтсек, ол 2015 жылы П.Чайковский атындағы музыка колледжінде, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.